Кездесу барысында Қайрат Әбдірахманов Мемлекет басшысына Сыртқы істер министрлігінің қазіргі қызметі, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар тұрғысынан алғанда, сыртқы саясат ведомствосы экономикамыздың басты салаларына шетелдік инвестиция тарту үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Қазақстан Президенті кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.