ІМ қай өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты

212

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы есеп берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Министрдің айтуынша, еліміздегі қар қоры нормадан төмен.

«Қазгидрометтің мәліметтері бойынша су тасқыны қаупі көктем кезінде топырақтың дымқылдануынан туындайды. Қазіргі таңда топырақтың тоңдануы 60 сантиметрден 1,5 метрге дейін жетеді. Бұл деректер өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда жоғары. Бірақ қар қорының мөлшері артуда. Мұздың еруі және Сырдария өзеніндегі су деңгейі көтерілуі салдарынан Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысында жағдай шиеленісіп, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай қиындауы мүмкін», — деді Қалмұханбет Қасымов.

Осы орайда, ол қазіргі таңда ІІМ тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Су тасқыны кезінде жағдайдың алдын алу үшін арнайы топтар құрылды. Оның құрамына 49 мыңнан астам адамнан құралған бөлімдер кіреді. Сондай-ақ, 16 800 бірлік техника бар. Су тасқынынан халықты эвакуациялаған кезде оларды орналастыру пунктері анықталды. Эвакуацияның маршруті бар. Тиісті көлік құралдарымен қамтамасыз еттік. Ұлттық гвардияның әскери жасақтары, ІІМ шұғыл жасағы дайындалып жатыр. Халықты тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі дайын. Оның ішіне электросиреналар, радио және хабар тарату жүйесі, халыққа хабарламалар жеткізу кіреді», — деді басшы.

Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, еліміздегі атқарушы органдар елді-мекендерден 3,5 млн тонна куб қар шығарылған. Сонымен қатар, министр су тасқынына тиісті жанар-жағармай қорының бар екенін жеткізді.

«8,5 мың жанар-жағармай қоры, 123 мың тиісті материалдар, 6,5 тонна жарылғыштың қоры бар. Әкімдіктерде төтенше жағдайға қарастырылған 24,7 млрд теңге бар», — деп түйіндеді сөзін басшы Үкімет отырысында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *