Есеп комитетінің жаңа басшысы тағайындалды

257

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 «Наталья Николаевна Годунова Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Наталья Николаевна Годунова 1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясының түлегі.

Еңбек жолы:

1993-1996 ж.ж. Орал қаласындағы «Агропромбанк «Орал» экономисі;

1997-1998 ж.ж. Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің жетекші маманы, басшысының орынбасары, басшысы;

1998-2004 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппараты экономикалық реформа бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы;

2004-2005 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры;

2005-2006 ж.ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің экономист-кеңесшісі;

2006-2009 ж.ж. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі 2009-2012 ж.ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілінің қызметін атқарушы;

2012-2013 ж.ж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі;

2013-2015 ж.ж. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

2015 -2017 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясының Хатшысы;

2017 жылы 20 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшеcі лауазымына тағайындалды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *