Сапа артпай жолақы ешқашан көтерілмейді — Бауыржан Байбек

139

Алматы әкімі халықпен есепті кездесуінде жолақысы көтеріледі деген қауесетке қатысты нүкте қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Бауыржан Байбектің айтуынша, биыл жаңа автобус алған тасымалдаушыларға 15 млрд теңге көлемінде демеуқаржы бөлмек. Бұл қаржыға 255 мың адамның жеңілдікпен жүруі қамтамасыз етіледі.

«Қазір Алматыда автобус паркі 30%-ға жаңарған. Бірақ кейбір тасымалдаушылар 80 теңгені аз көріп, 150 теңгеге көтеру керек деп жатыр. Олар жолақысын көтермекші, бірақ тасымалдау сапасын арттыруға ниетті емес. Ондай тасымалдаушылармен жеке жұмыс жасаймыз. Сапаны көтермейінше, жолақысы қымбаттамайды», — деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі  «шығынға жұмыс жасап жатырмыз»  деген тасымалдаушылар ақшаны күреп келгенін айтты.

«Сонда сіздердің қызметкерлеріңіз 5 жыл бойы шығынға жұмыс жасап келген бе? Ақылға сыймайды. Нарықтың көлемі 20 млрд теңге екенін білдік. Енді кез келген тасымалдаушы несие ала алады.  Жол жүру ақысы қазір Алматыда метро үшін 71,3 теңге, ал автобустарда 80 теңге. Қалған айырманы 4 млрд теңге көлемінде демеуқаржы жабады», — деді Б.Байбек.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *