Алматылық жастарды үймен қамту үшін 2 млрд теңге бөлінеді – Байбек

180

Алматы тұрғындарының алдында есеп беру кезінде Бауыржан Байбек Президенттің жастарды қолдауға бағытталған 2020 Жол картасын қабылдағанын айтып өтті. Өткен жылдың өзінде осы Жол картасындағы тапсырмаларды жүзеге асыруа бюджеттен 4 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап  Kazgazeta.kz.

 Алматы қаласы тұрғындарының орташа жасы – 33,5. Әкім бүгінде аталған қала тұрғындарының тең жартысының 35 жасқа дейінгі азаматтар екенін атап өтті. Қалада 200 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Олардың 70%-ы осы қалада тұрақтап қалады. Мұның артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Мысалы, Алматы қаласында жастардың 6,5%-ы жұмыспен қамтылмаған. Бұл – Қазақстан қалалары ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

«Өткен жылы жас отбасылар 5% үстемақымен несие алу мүмкіндігіне ие болды. Мұнымен қатар, олар алғашқы жарнасыз үй ала алады. 6 мыңға жуық өтінім келіп түсті. Балдық жүйе бойынша осы өтінімдердің 100-і мақұлданды. Бала саны, жұмыс өтілі ескерілді. Жоғары сұраныс болып отырғанын ескеріп, осы жылы бағдарлама аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл мақсаттарға бюджеттен 2 млрд теңге бөлінеді», – дейді Байбек.

Мұнымен қатар, әкім қаладағы көптеген жатақхананың жөндеу жұмыстарынан өтіп жатқанын атап өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *