Алматыда балалардың қатысуымен 1060 жол-көлік апаты тіркелген

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ЖПҚ басшысы, полиция подполковнигі Ж.Байкенов баяндады.

Оның айтуынша, 12 ай ішінде Алматы қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендердің саны алдағы жылдармен салыстырғанда азайып келеді. Дегенмен, балаларды бұндай қиын жағдайлардан толықтай қорғап қалу мүмкін емес. Балалардың қатысуымен 1060 жол-көлік апаты тіркелген, бұндай жағдайлардың салдарынан 5 бала қайтыс болса, 2016 жылғы жол-көлік апатынан көз жұмған балалардың саны онға жеткен. «Аталған жағдай бірқатар себептер негізінде туындап жатады, оның ішінде көлік құралдары санының өсуі, қала аумағының ұлғаюы және, әсіресе, жол қозғалысы қатысушыларының Жол жүру ережесін сақтамауы болып табылады»,-дейді Ж. Байкенов.

2017 жылы Алматы қаласының ІІД ЖПҚ және ӘПБ қызметкерлерімен жол жүру қауіпсіздігі бағытында 377 мың 484 жол жүру ережесі бұзушылығы анықталған.

360 мың 875 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде көлік құралдарын мас күйінде басқарған жүргізушілер саны — 2388-ге жеткен.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *