Қазақстандықтар тегін оқи алатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды

142

Бұдан былай қазақстандықтар Германия, Франция, Чехия, Норвегия, Польша, Грекия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 Қазақстандықтар тегін білім алуына болатын еуропалық жоғары оқу орындарының тізімі халықаралық бағдарлама орталығының сайтында жарияланған.

«Құрметті мектеп оқушылары, студенттер мен ата-аналар! «Халықаралық бағдарлама орталығы» акционерлік қоғамы сіздерге қазақстандықтар қай елде тегін білім алуына болатыны туралы біліп беруге көмектеседі. Сіздердің назарларыңызға қазақстандықтар тегін білім алуларына болатын шетелдік университеттердің тізімін дайындадық. Әр жоғары оқу орнына түсу тәртібі мен талабы әртүрлі екенін ескерулеріңізді сұраймыз», — делінген хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *