Мұрат Әуезовтың өнегеге толы өмірі

623

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де белгілі қоғам қайраткері, жазушы, публицист, филология ғылымдарының докторы, ҚР журналистика академиясының академигі Мұрат Әуезовке арналған «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл жайында əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталмыш кітапта өмірбаяндық мәліметтер, таңдаулы туындылар, замандастары мен әріптестерінің естеліктері, сонымен қатар мұрағаттық деректер мен әртүрлі жылдардағы суреттер көрініс тапқан. Салтанатты жиынға филология ғылымының докторы, профессор, Айгүл Ісмақова, әдебиеттанушы Светлана Викторовна, филология ғылымдарының докторы Альмира Наурызбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай, тарихшы Әміржан Әлпейісов қатысты. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысып, министр Қайрат Әбдірахмановтың Мұрат Әуезовтың 75 жылдығына орай арнайы құттықтау хатын оқып берді.
Жиында алғашқы болып сөз бастаған ҚазҰУ ректоры: «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де белгілі қоғам қайраткері, жазушы, публицист, филология ғылымдарының докторы, ҚР журналистика академиясының академигі Мұрат Әуезовке арналған «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысының бастауында да тұрған азаматтардың бірі әрі бірегейі де, өмірі өнегеге толы ұлтымыздың мақтанышы Мұрат Мұхтарұлы болатын»,— деді Ғалым Мұтанов.
Айта кету керек, көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы университеттік «Өнегелі өмір» кітабы, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың бастамасымен тұрақты түрде баcпадан шығарылып тұратын кітаптар сериясы болып табылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *