Ақиқаттың ақ жолынан таймаған

Қазақ журналистикасы асылынан айырылды. Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы, Қазақстан Президенті сыйлығының және Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың алғашқы иегері Ержұман Смайыл жетпіс жасқа толған шағында бақилық болды. Саналы ғұмырын баспасөзге арнап, ақиқаттың ақ жолынан таймаған көрнекті қаламгер ойының ұшқырлығы мен мамандығына деген адалдығының арқасында абырой биігіне көтерілді. Халқының маңдайына біткен публицисттің еңбек жолы қалам ұстап артынан ерген жас буынға үлгі болып қала бермек. Орны толмас қайғыға душар болған марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Ардақты ағамыздың пейіште нұры шалқып, иманы жолдас болсын. Алла алдынан жарылқап, артындағы ұрпақтарына өмір берсін. Қазаның арты қайырлы болғай!

 «Қазақ газеттері» серіктестігінің шығармашылық ұжымы  




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *