1 наурыз алғыс айту күні құтты болсын!

257

Халқымыз тұңғыш рет Алғыс айту күнін 2016 жылы атап өтті. Адамдардың айналасына ізгі ниет білдіріп, өзін қоршаған жандарға алғысын жаудыратын мейірімділікке толы мереке қазақ халқының дархан көңілі мен алтын жүрегінің куәсі іспеттес. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2016 жылғы 14 қаңтарда №173 Жарлыққа қол қою арқылы 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялады. «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деді Елбасы бұл күн турасында.

Алғыс айту күні – ең алдымен халқымыз сан ғасыр бойы аңсап жеткен тұғырлы тәуелсіздігіміз үшін тәубе ететін күн. Елдігіміздің алтын тірегіне айналған достық пен бірегейлік, ұлтжандылық пен мейірбандық қазақтың қайталанбас қазынасы. Бір шаңырақ астында, бір тудың төңірегінде топтасқан көпэтносты елдің ортақ тарихын ұлықтау ұлы міндетіміз. Ендеше, «Мәңгілік Ел» идеясына қадам басқан қазақ халқының мәңгілік ғұмыры баянды болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай!

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *