Құттықтаймыз!

79

          Бүгін «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ана тілі» басылымы бас редакторының бірінші орынбасары Нұрперзент Жандәулетұлы Домбайдың туған күні, ол асқаралы 60 жасқа толып отыр. Мерейтой иесі Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін аяқтаған соң, еңбек жолын «Ұлытау өңірі» газетінде бас редактордың орынбасары қызметінен бастаған, кейін «Жезқазған туы» басылымында насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жезқазған облысы бойынша меншікті тілшісі, «Мысты өңір» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.

          Соңғы он жылғы шығармашылық жолында «Ана тілі» басылымында түрлі тақырыптарға қалам тербеп, ұлт мүддесіне қызмет етіп жүрген публицист туған тіліміздің шынайы жанашыры. Оның қаламынан туған тың дүниелер көзі қарақты оқырманына ой салып, қоғамдық пікірдің қалыптасуына септігін тигізсе, жалынды өлеңдері жүрекке жылы тиіп, жыр сүйер қауымның қолдауына ие. Серіктестікте жауапкершілігі мол қызметтің жүгін арқалап, адал қызмет етіп «Ақпарат саласының үздігі» атанған әріптесімізге қызметте табыс және баянды ғұмыр тілейміз. Отбасыңыздан бақ-береке арылмасын, мәртебеңіз биіктей берсін!

Ізгі ниетпен: «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *