«КҮН МЕН АЙ» сазды байқауы өтті

48

Алматы технологиялық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде «Күн мен Ай» сазды байқауы өтеді. Шараның басты мақсаты – оқытушы мен студенттің қарым-қатынасын жақындатып, арадағы рухани байланысты арттыру. 

Студенттер мен оқытушылар құрамы жоғары дәрежеде дайындалып, алты бағыт бойынша бақ сынасты.   Атап айтқанда, қатысушылар халық әні, заманауи ән, аспаптық жанр, ұлттық би, заманауи би және тетарландырылған көрініс номинациялары бойынша бақ сынасты. Сонымен қатар, байқау шарты бойынша әділ қазылар алқасы үздік ұжымды да анықтады.

Сазды сайыстың ұйымдастырушылары – Жастар кеңесі, Алматы технологиялық университетінің студенттік кәсіподақ ұйымы. Сондай-ақ әділ қазылар мүшесі университеттің көркемөнерпаздар ұжымының жетекшісі, студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы және арнайы қонақтар болса, қазылар алқасының төрағасы – Алматы технологиялық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры – Қ.С.Батхолдин мырза болды. Әділ қазылар алқасының ортақ шешімі бойынша «Үздік ұжым» номинациясы инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетіне берілді. Басқа бағыттар бойынша жүлделі орындар төмендегідей:

«Халық әні» 1- орын: Экономика және бизнес факультеті; 2- орын: Инжиниринг және ақпараттық теxнологиялар факультеті; 3 — орын: Теxнологиялық-экономикалық колледжі; «Заманауи ән» 1- орын: Теxнологиялық-экономикалық колледжі; 2- орын: Инжиниринг және ақпараттық теxнологиялар факультеті; 3 — орын: Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті; «Аспаптық жанр»

1- орын: Инжиниринг және ақпараттық теxнологиялар факультеті; 2- орын: Тағам өндірістері факультеті; 3 — орын: Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті; «Ұлттық би» 1- орын: Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті; 2- орын: Инжиниринг және ақпараттық теxнологиялар факультеті; 3 — орын: Тағам өндірістері факультеті; «Заманауи би» 1- орын: Тағам өндірістері факультеті; 2- орын: Экономика және бизнес факультеті; 3 — орын: Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті; «Театрландырылған көрініс» 1- орын: Инжиниринг және ақпараттық теxнологиялар факультеті; 2- орын: Экономика және бизнес факультеті; 3 — орын: Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті.

Оқу орнындағы өзара байланысты нығайта түскен «Күн мен ай» байқауы — жүзден астам студенттер мен оқытушылардың басын біріктіріп, демалыс сыйлайтын  ерекше жоба екенін дәлелдеді. Бұнда келген әрбір қонақ байқау барысында ой сергітіп, көңіл көтеріп, қызықты концерттің куәсі болды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *