Еліме мың алғыс!

63

Еліміздің әр түкпірінде «Алғыс айту күні» мейлінше зор ықыласпен аталып өтілуде. Жүректерге жылу сыйлап, ізгілікке бөлейтін бұл күнді Алматы облысы, Іле ауданының №24-лицейі де дәстүрлі түрде мерекелеп келеді. Бүгін аталмыш оқу орнының ұстаздары — Нүсіпалиева Мадина, Бостанова Динара, Иманбекова Ботакөздің ұйымдастыруымен «Еліме мың алғыс!» атты концерттік шара өтті. Бүлдіршіндерді жастайынан елі мен жерін құрметтеп, Отанын сүюге шақыратын тәрбиелік мәні басым мерекеге қатысушылар ерекше белсенділік танытты. Лицей директоры — Ерубаева Гүлжан Жұбайқызы балалар мен мектеп ұжымын көктемнің алғашқы күнімен келген мерекемен құттықтады. Мерекелік концерттен фоторепортажды назарларыңызға ұсынамыз!




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *