Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

200

Бірлескен отырыс 5 наурызға белгіленген.

5 наурыз күні сағат 12:00-де Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Бірлескен отырыс өткізу туралы өкімге Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz parlam.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 5 наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын», — делінген ресми хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *