ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті сайланды

148

Жанат Түсіпбеков алдағы төрт жылға Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА  тілшісіне сілтеме жасап  Kazgazeta.kz.

Астанадағы федерация сайлау конференциясының қатысушылары Түсіпбековтың қайта сайлануын бірауыздан қолдаған.

ҚР ААФ президенті Жанат Түсіпбеков атап өткендей, ол антидпингтік саясатты күшейту жұмыстарын жалғастырады және спортшыларды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады.

Сондай-ақ,  жергілікті ауыр атлетика федерацияларын дамытып, инвестиция тартпақ.

«Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті, бас хатшы, бес құрлықтық федерация президенттері бір іс-шарада бас қосуы өте сирек жағдай. Бұл -еліміздегі ауыр атлетика  спорты саласындағы Жанат Түсіпбековтің орнының қандай екенін білдіреді», — деді ҚР ААФ бас хатшысы Омар Мұстафин.

Айта кетейік, сайлаумен қатар IWF Интерконтиненталдық комиссиясының отырысы да өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *