«Хабар» телеарнасы «Оскар 2018» кино жүлдесін көрсетеді

242

5 наурыз күні «Хабар» және «Ел Арна» телеарналары «Оскар» жүлдесінің 90-шы марапаттау рәсімін тікелей эфирде көрсетеді деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

Әлемдік кино жүлденің көрсетілімі таңғы 5.30-да «Ел Арна» телеарнасынан басталады. Әдеттегідей, шара жұлдызды қонақтардың Лос-Анджелес қаласында орналасқан «Долби» театрындағы қызыл кілемнен жүріп өту салтанатынан кейін, таңғы сағат 7.00-де марапаттаудың негізгі бөлігі «Хабар» телеарнасында жалғасады.

Кешті танымал тележүргізуші және комик Джимми Киммел жүргізеді.

«Хабар» және «Ел Арна» телеарналарынан белгілі киносыншылар Дмитрий Мостовой, Нұржан Еркінұлы және Карим Кадырбаевтар комментаторлық етеді.

«Оскар» жүлдесін дүниежүзіндегі барлық киносүйер қауым күтеді, бұл киноиндустриядағы ең басты оқиғалардың бірі. «Хабар» Агенттігі осымен бірнеше рет Қазақстан аумағында аталмыш сыйлықты көрсету құқына ие болып келеді. Біз үшін көрермендеріміздің бүкіл әлеммен бірге ауқымды шараны тікелей эфирде, өз ісінің шеберлері Дмитрий Мостовой, Нұржан Еркінұлы және Карим Кадырбаевтың комментаторлығымен көре алатындығы үлкен қуаныш» — дейді «Хабар» арнасының директоры Ерлан Игісінов.

Жылдағы дәстүр бойынша «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік актер», «Үздік актриса» және т.б. аталымдар бойынша 24 жеңімпазға статуэтка табыс етіледі. Биыл режиссер Гильермо дель Тороның «Форма воды» картинасы 13 аталымға ұсынылып, номинация саны бойынша көш бастап тұр. Онан кейінгі орында «Дюнкерк» фильмі 8 номинацияға, ал «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» туындысы 7 номинацияға ұсынылған. Салтанатты шара Пхёнчхан қаласындағы Олимпиада ойындарына байланысты наурыз айына ауыстырылған болатын.

Джимми Киммелдің видеожолдауы:

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *