Жапон ғалымдары қалпына келетін әйнек ойлап тапты

551

Токия университетінің бір топ ғалымдары сынғаннан соң аз уақытта қалпына келетін әйнек жасап шығарды.  Ғалымдар пайдаланған негізгі материал ретінде синтетикалық полимерлер алынды. Тәжірибелер барысында полимерлерден жасалған кішігірім қатты әйнекті екіге бөліп, ешқандай қосымша заттарсыз  қалыпты бөлме температурасында қайтадан біріктірген.

Сынған екі бөліктің қалпына келуіне бірнеше минуттан, 6 сағатқа дейінгі уақыт кеткен. Одан кейін әйнек беріктігі артқан. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай әсер сутектік байланыстармен, яғни полимер молекулаларының қайтадан қалыпқа келуімен түсіндіріледі.

billionnews.ru




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *