2018 жылғы қаңтар-ақпанда инфляция 1,3% құрады

161

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда (2018ж. ақпан 2017ж. желтоқсанға) 1,4%, азық-түлік емес тауарларына – 0,8%, ақылы қызметтерге – 1,6% өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Статистика комитетіне сілтеме жасап.

 Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. ақпан 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі қиярға 21,8%, қызанаққа – 20,6%, тәтті бұрышқа – 16,8%, қырыққабатқа – 11,5%, басты пиязға – 7,4%, картопқа – 5,6%, сәбізге – 3,8%, консервіленген сүтке – 2%, сары майға – 1,8%, мәйекті ірімшікке – 1,7%, жаңа сауылған сүтке – 1,4%, қышқыл сүт өнімдеріне – 1,3% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына 9,5%, құмшекерге – 1,4%, жұмыртқаға, күрішке – 1,2%-дан, қара шайға – 1,1%, құс етіне – 0,8% тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 1,3%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 1%, автомобильдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға, тұрмыстық аспаптарға, жеке қолданатын тауарларға, тоқыма бұйымдарына, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 0,9%-дан, киім және аяқ киімге – 0,6%, кітаптарға – 0,4%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 0,3%-ды құрады. Баллондағы сұйытылған газ 1,7%, бензин – 1,2%-ға, тас көмір, дизель отыны – 0,7% қымбаттады.

Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, көлiк құралдарын сақтандыру 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 3%, денсаулық сақтау – 1,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 1,8%, қоғамдық тамақтандыру – 0,4% өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 3,1%, қалааралық – 2,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігімен – 0,7% қымбаттады, ал әуе көлігімен – 4,1% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 3,5%, электрэнергиясына – 3,4%, ыстық суға – 3%, қоқыс шығаруға – 2,5%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,2%, суық суға, кәрізге – 0,8%-дан жоғарылады.

k01-03-2018-2

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2018 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 37,8%, азық–түлік емес тауарлар – 30,1%, ақылы қызметтер – 32,1%–ды құрады.

пайызбен, өсуі
2018ж. ақпан 2018ж.
қаңтар-ақпан
2017ж.
қаңтар-ақпанға
2018ж.
қаңтарға
2017ж.
желтоқсанға
2017ж.
ақпанға
2015ж.
желтоқсанға
Тауарлар мен қызметтер 0,7 1,3 6,5 17,6 6,7
Азық-түлік тауарлары 0,8 1,4 5,3 18,5 5,6
Азық-түлік емес тауарлар 0,5 0,8 8,4 20,2 8,5
Ақылы қызметтер 0,7 1,6 6,2 14,1 6,3



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *