Қазақстандық фристайлшы әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

188

Еліміздің фристайлшылары Жапонияның Тадзавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогында  бақ сынады. Әлем кубогының кезеңінде ерлер арасындағы сайыста отандасымыз Дмитрий Рейхерд үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

Ол өзінің қарсыластары канадалық Майкл Кингсберри мен жапониялық Икума Хорисимаға жол беріп қойды. Ал тағы бір қазақстандық фристайлшы Павел Колмаков жарысты 26-шы орынмен аяқтады.

Пхенчандағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Галышева Әйелдер арасындағы сайыста жетінші орын алып, суперфиналға шыға алмады. Жеңіс франциялық Перин Ляфонтқа бұйырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *