Назарбаев 2018-2019 оқу жылдары қосымша 20 мың білім грантын бөлуді тапсырды

481

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеріп, бірқатар шартты атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazetaz.kz.

 «Бүгінде ел ЖОО-ларында 530 мыңнан астам жастар оқиды, оның 30 пайыздан астамы мемлекеттік грант есебінен білім алады. Білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін келесідей шараларды ұсынамын: 2018-2019 оқу жылдары жыл сайын берілетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлетін боламыз. Оның 11 мыңы, егер одан да көп қажет болса, сұранысқа ие бакалавр бөліміне техникалық мамандықтарға бөлеміз. Бұл дегеніміз төртінші өнеркәсіптік революция шартында жаңа экономикаға қажетті мыңдаған мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Ең бірінші инженерлерге, ақпараттық технология, робототехника және нанотехнология саласына көңіл бөлінеді. Бұл жастарға деген мемлекеттің жасап отырған қамқорлығы деп білемін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *