LEPKA – стиль мен дизайнның жаңа дуэті

95

Адамзат жаны қашанда жаңашылдыққа құмар. Үйдің, түрлі ғимараттардың көркі көз тартар жаңа дизайны, қайталанбас стилі,  өзгелерден ерекше безендірілуі қашан да тұрғындар назарынан тыс қалған емес. Әсіресе жаңа әрі сапалы материалдары пайдаланып, үйімізді көркі көз жауын алатындай етіп әсемдесек,  оның өзі бір ғанибет емес пе? Бұл үшін алтын уақытыңызды жоғалтып, бас қатырудың еш қажеті жоқ.

 Сонда не істеу керек? Қазақстандық компания «ADK Index» ЖШС-і  – бүгінде отандық нарықта өз атын қалыптастырып үлгерген үлгілі ұйым. «LEPKA» атты сауда маркасымен шығатын полиуретан және пенеполистирол материалдары қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие.  Бұлар әсіресе үйдің, түрлі ғимараттардың фасадын әсемдеуге таптырмас дүние деуге әбден болады.

Аталған компания өз қызметін 2011 жылы бастады. Содан бері компанияның өнімдерін тұрақты тұтынушылар мен жаңа тұтынушылар саны күн санап артып келеді. Өйткені «Лепка» өнімдері нарықтағы бағасы жағынан да, сапасы жағынан да өзгелерден оқ бойы озық тұр.

Қайда дейсіз бе?  Бүгінде өндіріс цехы Алматы қаласында орналасқан. Аумағы 1500 м2 алып жатқан өндіріс ошағы еуропалық құралдармен жабдықталған. Сіздерге қызмет көрсететін білікті техник мамандар Түркияның Стамбул қаласына оқуға барып, арнайы машықтанып қайтты.  Компания өнімдері өзгелерден сыртқы сымбаты, бағасының қолжетімділігі, салмағының аздығы, өміршеңдігі, ылғалға төтеп бере алатындығы, түрлі стиль мен қалыптардың бірлескен ерекше жиынтығы, сондай-ақ ең бастысы түрлі жағдайларға төзімділігі тұрғысынан ерекшеленеді. Бір сөзбен айтсақ, өнімге қойылатын барлық талаптардың үдесінен шыға алады. Компания әр шығарған өнімге тұтынушының көзімен қарай отыра, оны «табыс кілтіне» айналдыруды көздейді. « LEPKА» сауда маркасының барлық өнімдері сапа бақылауынан өтіп, жіті тексерілген соң ғана қоймаға жіберіледі.

Қайдан іздейміз дейсіз бе? Өнім үлгілері мен түрлері lepka.kz сайтындағы каталогте егжей-тегжейлі көрсетілген. Егер сіз үйіңізге өзгелерге ұқсамайтын өң бергіңіз келсе  – «Лепкаға»  хабарласыңыз. Біз қалауыңыздағы ғажайыпты қалайда жасап береміз! Және бұл тек сіздің үйіңізде ғана болады!

Сұрақтарым бар еді дейсіз бе? Өнім түрлері мен бағаларын, жеткізу талаптарын білгіңіз келсе, сату бөлімінің менеджеріне байланысқа шығыңыз. Ол сізге өнім үлгілерін тікелей үйіңізге жібереді. Сіз тек виртуалды ғана емес, өнім сапасын «қолмен ұстап, көзбен де көре» аласыз. Ал таңдау жасарда қиналсаңыз, арнайы консультанттар сіздің үйіңізге сәйкес келетін материал мен дизайн жайында кеңес бере алады. Компанияның полиуретанды  лепнина өнімдері дизайнерлердің де жоғары бағасына ие болды. Кейде қалтаңыз көтермей, ал кейде қиялыңыздағы сұлулықтың қиюын келтіре алмай жүрген болсаңыз – бірден «Лепкаға» хабарласыңыз!  Олар сізге көмекке келуге қашан да дайын! Бастысы  шабытқа шектеу қоймаңыз!

Мекенжай: Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 77/55

Байланыс нөмірлері: 7 (778) 823 33 22, 7 (747) 856 56 26




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *