8-наурыз халықаралық әйелдер күнінің тарихы

136

Кеңес Одағы кезінде 8 наурыз күні 1965 жылдан бастап мемлекеттік мереке ретінде қабылданды. Қазіргі уақытта мереке ТМД елдерінде, яғни Азербайжанда, Грузияда, Қырғызстанда, Молдовияда, Тәжікстанда, Түрікменстанда, Украинада, Беларуссияда дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Қазақстанда мереке қарсаңында Елбасы резиденциясы Ақордада әр салада биік жетістіктерге қол жеткізген және көп балалы әйелдермен дәстүрлі «Көктем шуағы» атты кездесу өткізіледі. Нәзік жандыларға сый сияпаттар тапсырылады.

Халықаралық әйелдер күні ресми түрде Ресей, Солтүстік Корея, Қытай, Буркина-Фасо елдерінде аталып өтеді. Ал  Ангола, Гвинея Бисау, Замбия, Камбоджа, Кения, Мадагаскар, Моңғолия, Уганда мен Эритреяда ұлттық мейрам және демалыс күні болып саналады.  Басқа мемлекеттерде 8-наурыз мерекесі ресми болмағанымен, жыл сайын танымалдылығы артуда. БҰҰ мерекенің кеңінен насихатталуына атсалысуда. 1977 жылы БҰҰ осы ұйымға мүше елдерге әйелдер теңдігі мен әлемдегі  бейбітшілікті мадақтауға арнап бір күнді белгілеуді ұсынды.  Көпшілік дауысымен 8-наурыз күні таңдалып алынды. БҰҰ қолдайтын мемлекеттер 8-наурыз күні әйелдер үшін өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуі үшін атсалысады. Жыл сайын осы күн қарсаңында БҰҰ басым тақырыпты таңдап, сол тақырып аясындағы мәселені шешу үшін барынша күш салады. Мысалы 2013 жыл Әйелдерге көрсетілетін зорлық-зобылыққа қарсы шығу жылы  болды.  Мереке нышаны ретінде күлгін түсті бау таңдалды.

Тағы бір дереккөздерде  8-наурыз  ең алғаш  революционер әйелдердің күні ретінде белгіленгендігі жайында жазылады.  1857 жылы 8-наурызда  Нью-Йорк қаласының тоқымашы әйелдері ереуілге шығып, жұмыс жағдайының ауырлығына, әлеуметтік теңсіздікке шағымданады. Олар айлықтың өсірілуін, жұмыс жағдайын жақсартуды және тең құқықтың енгізілуін талап етеді. Осыдан бастап, 8-наурыз әйелдер күні деп аталатын болған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *