Президенттің әлеуметтік бастамалары әрбір отбасыға бұрын болмаған ерекше мүмкіндік береді – Мәжіліс төрағасы.

154

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа 5 әлеуметтік бастамасы еліміздің дамуына серпін беріп, азаматтарға жаңа мүмкіндік сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 «Осыдан екі күн бұрын баршамыз Елбасының тарихи үндеуіне куә болдық. Сонда айтылған әлеуметтік бастамалар бүгінгі халқымыздың кең қолдауына ие болды. Себебі, ол бастамалар әрбір азаматқа, әрбір отбасыға бұрын болмаған ерекше мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл бастамалар еліміздің дамуына жаңа серпін береді, — деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол Елбасының әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру үшін депутаттар сапалы заңдарды қабылдау қажеттігін атап өтті.

«Барша депутаттардың ендігі негізгі міндеті президенттің бастамаларын жүзеге асыру үшін өз уақытында, жедел, сапалы заңдармен қамтамасыз ету», — деп түйіндеді сөзін Мәжіліс төрағасы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *