«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау уақыты бекітілді

205

Стипендияға үміткерлер құжаттарын 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында өткізулері керек, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі bolashak.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стпендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылатынын және конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтеді.

Қазақстандықтар үшін білім саласындағы үкіметаралық келісім-шарттар негізінде шетелде тегін білім алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Биылғы жылы түлектер үшін 10 000-ға жуық грант бөлінді. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Малайзия, Түркия және Польша университеттері гранттарына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *