Құрметті аналар, қыз-келіншектер!

Гүл көктемнің алғашқы күндерімен келетін шұғылалы мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тебеткен ақ жаулықты аналар мынау жарық дүниедегі ізгіліктің бейнесіндей. Бақытты әйел – әр шаңырақтың, қала берді күллі Отанымыздың мерейі. Бүгінгі күн адамзаттың жанына жылылық ұялатып, жүрегіне шапағат сыйлайтын мейірімімен ерекше. Асыл әже, аяулы ана, талшыбықтай нәзік ару – халықтың асқақ абыройы, егеменді елдің болашағы.

Әр отбасыға шаттық сыйлап, әр жүрекке сенім беріп, айналасына шуақ шашқан әйел атаулы бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Әйел заты өзіне тән еңбекқорлық мен сабырлығы, ізденімпаздық мен алғырлығының арқасында  қазіргі заманда маңызды табыстарға қол жеткізіп, биік белестерге көтерілуде. Бүгінгі қазақ әйелінің отбасының ырысын асырып, Отанымыздың ынтымағын арттыруда атқарып отырған рөлі зор.

Аяулы аналар мен арулар!

Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

 

«Қазақ газеттері» серіктестігінің ұжымы

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *