Алматы онкология орталығының басшылығы мереке қарсаңында ардагерлерді ардақтады.

287

Алматы онкология орталығының қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. Алматыдағы Ғалымдар үйінде өткен мерекелі жиынға тек орталықтың қазіргі кездегі қызметкерлері емес, сонымен қатар ұзақ жыл Алматы онкология орталығында қызмет қылып зейнетке шыққан медицина қызметкерлері де жиналды. Атаулы іс-шараға арнайы келген Рамазан Стамғазиев, Құдайберген Бекіш сынды өнер азаматтары ақ халатты әсем аруларға арнап ән шырқады. Алматы онкология орталығының бас дәрігері, м.ғ.д. Даулетбаев Дамир Абайділдәұлы сахнаға шығып ерекше көзге түскен медициналық қызметкерлерді қала әкімінің алғыс хаттарымен, Нұр Отан партиясының мақтау қағаздарымен және өз атынан алғыс хаттармен марапаттады. Бұл күні орталықта ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарған ардагерлерде де назардан тыс  қалмады. Кештің құрметті қонағы ретінде шақырылған 7 ардагерге гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Кеш соңында орталықтыңбас дәрігері сахнаға шығып тосын сый жасады. Дамир Абайділдәұлы орталықтың барлық нәзік жанды қызметкерлеріне арнап жанды дауыспен «Ана туралы жыр» орындап берді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *