ҚР ҰҚК Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны туралы ақпаратты растады

204

Кеше кешке Тараз қаласындағы ауруханадан қашып кеткен Мұратхан Тоқмәди алысқа ұзай алмады.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қолға түсіп, қайта абақтыға қамалды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Айта кетейік, Мұратхан Тоқмәди сот процесі кезінде денсаулық жағдайына байланысты Жамбыл облыстық ауруханасына жатқызылған еді. Бірақ күдікті кеше кешке осы ғимараттан қашып кетіп, дүрбелең туғызған болатын. Кейін Тараз қаласында ауқымды іздестіру жұмысы жүргізіліп, көп ұзамай қолға түсті. Қазір Тоқмәдидің неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ол «Банк Тұран Әлем» банкінің бұрынғы төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындап, бұл қылмысын шетелде бой тасалап жүрген Мұхтар Әбләзовтың тапсырысы бойынша жасағанын айтқан болатын.

ХАБАР 24




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *