ҚР Бас прокуратурасы: «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремистік деп танылды

45

Бас прокуратурамен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты тіркелмеген қозғалыстың заңсыз қызметі анықталды. Оны Қазақстанда 20 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Мұхтар Әбілязов құрған, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Әбілязов сотпен қылмыстық қоғамдастықты құрғаны,  7,5 млрд АҚШ долларын ұрлап, шетелге шығарғаны үшін кінәлі болып танылған.

Қылмыстық табыстарды заңдастыру фактілері бойынша бір қатар еуропалық елдерде Әбілязовқа қатысты тергеу жүргізілуде. Ұлыбританияда Лондон қаласының Жоғарғы сотының шешімімен Әбілязов пен оның сыбайластарынан 4 млрд АҚШ доллары өндірілген. Шетелде сот жазасынан жасырынып, Әбілязов Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын бұзып, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді насихаттау мен үгіттеу бойынша заңсыз әрекетін жалғастыруда.

Интеренет желілер, месенджерлер, сондай-ақ әр түрлі әлеуметтік топтарға парақшалар тарату арқылы, Әбілязов белсенді түрде Қазақстанның азаматтарын қозғалысқа қосылуға шақырады, қазіргі биліктің жағымсыз бейнесін құрып, қоғамда наразылық көңіл-күйлер қалыптастыруда.

Осылайша, жоспарлы түрде әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруда.

Наразылық акциялардың бейбітшілігі туралы айтса да қозғалыс басшысы М.Әбілязов пен оның белсенділерінің қылмыстық мақсаты — билікті құлатып, басып алу болып табылады.

Бұл әрекеттер «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң бойынша саяси экстремизм болып саналады және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс ретінде қудаланады.

  Осыған байланысты, Бас прокуратура, «Прокуратура туралы» Заңмен көзделген өкілеттіктерін іске асырып, сотқа қозғалысты экстремистік ұйым деп тану туралы арызбен жүгінді.

2018 жылғы 13 наурызда Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен аталған арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Сотпен қозғалыстың әрекеті экстремистік деп танылып, оған Қазақстан Республикасының барлық аумағында тыйым салынды.

Сонымен қатар, бұл ұйымның әрекетін ақпараттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілері, мессенджерлер және бейне-хостингтер арқылы таратуға тыйым салынды.

Бұдан басқа, әлеуметтік алауыздықты қоздыру, билікті басып алуды насихаттау және оған жария түрде шақыру фактілері бойынша ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сот шешімінен кейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының әрекетіне кез келген қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қыллмыстық кодекстің 182, 258 және 405 баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді.

«Қатысу» әрекетіне қозғалыстың идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады.

Сонымен қатар, «қатысу» болып қозғалысты және оның басшысы Әбілязовті қолдауда митингілерді, шерулерді, жария акцияларын және басқа жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу саналады.

«Қаржыландыру» ұғымына Әбілязов пен қозғалысқа  ақшаны, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады.

Сонымен қатар, істегі заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам,  қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Дереккөз: Хабар 24




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *