Алматы «MITT 2018» Москва халықаралық туристік көрмесіне қатысады

Алматы қаласы туризм саласындағы ірі халықаралық көрмелердің бестігіне кіретін MITT халықаралық туристік көрмесіне қатысады. Бұл әлемдік деңгейдегі шара 13-15 наурыз аралығында Мәскеуде өтеді.  Туризм индустриясы саласындағы маңызды оқиғада  қысқы және жазғы маусымдардағы соңғы трендтер анықталады. 20 жыл бойы MITT көрмесі жыл сайын әлемнің 190-нан астам елі мен өңірінен келген 2000-ға жуық компанияны қабылдайды.

Көрменің негізгі мақсаты – бизнесті ілгерілету үшін байланыстарды жолға қоюға ықпал ету, бұл үшін дәстүрлі түрде конференциялар, семинарлар ұйымдастырылып, сектордың үздік кәсіпқойларына қолдау көрсетіледі.

Қазақстанның стендін Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы таныстырады. Сондай-ақ, көрмеге Алматы қаласының ірі туроператорлары  Saaf Travel, Tumar Trans, Transavia Tour және Kazzhol отелі желісінің өкілдері қатысады.

Tumar Trans туристік компаниясының директоры Раушан Ибрагимова: «Біз ішкі туризм нарығында 11 жыл жұмыс істейміз. MITT көрмесіне қатысу – біз үшін алғашқы тәжірибе, біздің міндетіміз – көрме қатысушыларын Алматының туристік әлеуеті туралы көбірек хабардар ету. Біздің компания медицина, этномәдени туризм және экотуризм бойынша туристік өнімдерді таныстырады. Сондай-ақ, біз Алматы мен Алматы агломерациясында киелі туризм бойынша ұсыныстарды ілгерілететін боламыз» — деді.

Қазақстандық стендтің негізгі идеясы оқиғалы туризм болады, ол экотуризмді, белсенді демалысты, сондай-ақ іскерлік туризм мен CityBreak-ті қамтиды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *