Белгілі физик Стивен Хокинг қайтыс болды

174

Ағылшынның физик-теоритигі Стивен Хокинг 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі BBC радиосына сілтеме жасап.

 Профессордың қайтыс болғаны туралы оның отбасы хабарлаған. Сонымен қатар бұл ақпаратты Reuter агенттігі таратты.

Еске сала кетейік, бүкіләлемдік ғылым саласының танымал тұлғасы Стивен Хокинг Жер планетасы, Күн жүйесінде орналасақан Венера планетасының тағдырын қайталайтынын айтқан болатын.

Физик 2600 жылға қарай адамзат жойылады деген болжам жасады. Ғалымның айтуына қарағанда, уақыт өткен сайын Жер шарының халық саны өсіп, энергия тұтыну арта береді, осылайша планета отты шарға айналады. Апаттан құтылудың жалғыз жолы бар, ол – тіршілікке қолайлы басқа ғаламшарға көшіп кету дейді ол. Хокинг бұл пікірді Пекинде өткен Tencent WE саммитіне видеобайланыс арқылы сөйлеген сөзінде айтты.

Видео: Стивен Хокингтің 2014 жылы BBC-ге берген сұхбаты




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *