ІІМ әкімдерге ІІД басшыларын тағайындау өкілеттігін беруді ұсынды

41

Сондай-ақ, әкім құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мәселесін де қарастырады деп жоспарлануда.

Қазақстанның Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев Мәжілісте «Ішкі істер органдары жұмысын жетілдіру мәселесі бойынша, ҚР кей заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген өзгертулерге тоқталып өтті, деп хабарлайды BNews.kz

«Облыстық деңгейдегі әкімдер құқыққорғау талаптарын қоюға және ІІМ ұсынымы бойынша ІІД басшыларын тағайындауға және орнынан алуға өкілеттік берілу керек», — деді Ерлан Тұрғымбаев.

Осылайша құққыбұзушылықтың алдын алу жұмысын оңтайландырып, жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік берілетінін атап өтті ол. Полиция департаментінің басшысы жылына бір рет әкім және халық алдында есеп беруі тиіс.

Ішкі істер министрі орынбасары сондай-ақ, әкімшілік қамау мерзімі 3 сағаттан 24 сағатқа ұзаратылуына байланысты құқықтық негіздер енгізіліп жатқанын айтты. Олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ ұстау шарттары бекітіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *