«Балапан» телеарнасы көктемгі маусымның бағдарламасын таныстырды

62

«Балапан» телеарнасы жаңа маусымда кішкентай көрермендерін ғылыми-танымдық, ақпараттық, отбасылық бағдарламалармен және тікелей эфирдегі ток-шоумен қуантатын болады. Ертеңнен бастап, арнада тоғыз жаңа жоба тұсауын кеспек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.

Балалар арнасында ғылыми-танымдық IT технологиялардың қыр-сыры мен ғылыми тәжірибелерге кезек беретін  «Жас ғалым» атты жаңа танымдық бағдарламада көрініс табады.  Ал, «Бала боп» бағдарламасы болса, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты қызықты ойындар арқылы көрерменге жеткізуге тырысады.  «Үйдеміз-үйренеміз» жобасы арқылы танымал блогер-аналар мен олардың балалары жас достарына бос уақытты қалай тиімді пайдалануды және өзге де қызықтарды дүниелерді үйретеді. »

Күнделік» жобасы балаларға өнер, ғылым, спорт және өзге де салаларда жетістікке жеткен замандастары жайлы айтып берсе, «Қаламгер кітапханасы» танымал ақын-жазушылар мен олардың үздік туындыларының жазылу тарихы жайлы сыр шертеді. «Мүмкіндік» жобасы арқылы әр бала мамандықтар жайлы ақпарат алса, «Саяхатшы balapan» бағдарламасында кішкентай көрермендер өздерінің саяхатын бейнеге түсіріп жолдай алады. Сондай-ақ, телеарнаның тарихында тұңғыш рет ата-аналарға арналған «Bala time» жобасы көрсетілетін болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *