Наурыз көженің дайындалу тәсілдері

Әз-Наурыз дастарханының негізгі мәзірі наурыз көже екендігін жақсы білеміз. Бұдан басқа қазақстандықтар мерекелік дастарханға бауырсақ, бесбермақ, және сумалақ қояды. Ал басқа елдер мерекелік дастарханды қалай дайындайды?

Қазақстанда наурыз көжені әдетте 22 наурызда дайындайды. Көжені келер жыл жемісті болсын деген ниетпен тауысып, тойып ішеді. Сондай-ақ көжені жеті үйден татсаң, жыл сәтті болмақ деген де ырым бар. Оның құрамында жеті дәмнің болуы шарт: су, ет, тұз, май, ұн, бидай жармасы және сүт. Дегенмен әр үй иесінің өз дайындау тәсілі бар.

Иранда мерекелік дастарханда «с» әрпінен басталатын 7 ас тұрады. Олар: секке – тиын, серке –сірке суы, сир – сарымсақ, сумах – дәмдеуіш, саману, немесе сумалак. Дастарханға айна мен отбасы мүшелерінің санына сәйкес шам қойылады. Жағылған шамдар әбден жанып болғанша, сөндірілмейді. Дастарханға міндетті түрде палау да қойылады. Бидай мен еттен жасалған палауды халим-аши деп атайды, сондай-ақ анар шербеті сусыны құйылады.

Түркияда Наурыз мерекесін Nevruz деп атайды. 1935 жылдан бастап 90-жылға дейін Түркияда наурыз мерекесін ресми түрде атап өтуге тыйым салынып келді. Мерекеге 2-3 апта қалған кезден бастап түркиялықтар бидай дәндерін өсіре бастайды. Өсірілген дәндерді дастарханға тәттілермен, шамдармен және боялған жұмыртқамен бірге әкеледі. Ал негізгі тағам ретінде сумаляқ саналады.

Көрші қырғыз елінде бір ай бойы нооруз мерекесі тойланады. Дәстүрлі сумелек тағамымен қоса, чон кеже, немесе нооруз кеже жасалады. Құрамында бұқа еті, күріш, асбұршақ, бидай, жүгері, талқан, ұн, ақтүйнек, тары, дәмдеуіштер қосылады.

Тәжікстанда отағасы мен үйдің үлкен ұлдары кәуап дайындайды. Сонымен қатар, күріш пен түрлі дақылдардан тәтті палау пісіріледі. Оларда келер жыл тағамдар секілді тәтті болсын деген ырым бар.

Жапондықтар бес түрлі дақылдардан ботқа әзірлейді: соя бұршағы, немесе майда қызыл бұршақтар, «чумиза», яғни қонақ дәндері, гаодян, жабысқақ күріш.

Иранның Тегеран қаласында « نوروز – Now ruz» қарсаңында балық қосылған палау дайындалады. Ал мереке күні кеспе қосылған палау жасалады.

Ауғанстанда сумалак тағамын отбасындағы әйелдер мен көрші келіншектер бірге дайындайды. Тағамды түнімен пісіретін әйелдер қауымы оны араластырып, әңгіме-дүкен құрады, ән айтады, би билеп, көңіл көтереді. Ертеңінде сумалакты әзірлегендерге таратады. Одан туыстары мен қонақтарына дәм татқызады. Мереке күні дастарқанға жемістер мен жаңғақтар, жеті түрлі жеміс қосылған нәрсу, сонымен қатар «с» әрпінен басталатын бес түрлі тағам қойылады. Отбасындағы бала санына сәйкес алдын-ала пісірілген жұмыртқаларды бояп, балаларға жегізеді. Сенім бойынша, олар жанұяны бәле-жаладан сақтайды.

Қытайдың Батысындағы шет аймақтарында наурызды түркітілдес халықтары ғана емес, қытайлықтар да атап өтеді. Негізгі мерекелік тағам – майсыз, жеңіл ботқа. Оның құрамында міндетті түрде ерекше, «ескі» күріштің болуы шарт. Ал қалған компоненттерден құрма, талшын, бадам, бұршақ, үрме бұршақ, алхоры, балқарағай мен грек жаңғағы, қарбыз дәнектері, ақ тұңғиық дәндері, шомыр қосылады. Шыныларға құйылған ботқаға қант пен дәм қабық сеуіп, таратылады.

Өзбекстанда дәстүрлі сумаляк негізгі тағам болып саналады. Ол жаңару, денсаулық, молшылық нышаны болып есептеледі.

Түркменстанда мерекелік дастархан «хафт-син» деп аталады. Онда жеті тағам тұруы тиіс. Осы күні арабтың «син» әрпінен басталатын тағамдар пісіріледі. Мысалы: рута тұқымдары – сипанд, алма – себ, қара дәнектер – сиахдане, жабайы зәйтүн – санджид, сірке қышқылы – сирке, сарымсақ – сир, өнген дән – сабзи.

Дайындаған: Үміт Жұмаділова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *