Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

37

Күн мен түн теңеліп, Жер-Ана қыс құрсауынан босап, тіршілік атаулыға жаңаша леп беретін наурыз айында елімізге Ұлыстың ұлы күні — әз-Наруыз мерекесі де келіп жетті.  Шығыс халықтарына ортақ бұл мейрам бірлік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың, ізгіліктің белгісі. Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, еңсеміз биіктегелі тарихи тамыры тереңде жатқан төл мерекеміз бүгінде жалпыхалықтық сипат алды.

Нұр көктеммен қатар келген ұлық мерекеде әр шаңыраққа жақсылық, өскелең ұрпаққа амандық тілей отырып, егемендігіміз мәңгілік, еңбегіміз жемісті болсын дегіміз келеді. Баршаңызды төл мерекемізбен құттықтаймыз! Наурыз мейрамы жақсы істер мен игі бастамалардың бастауы болғай!

                                                                                                                                                                «Қазақ газеттері» серіктестігінің ұжымы

                                                       




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *