ШҚО әкімі үйлерін су басқан тұрғындарға жаңа баспана беретінін айтты

160

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов су басқан аудандарды аралап, зардап шеккен тұрғындармен кездесті, — деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

Даниал Ахметов Глубочанка өзеніндегі су алған көпірді қарап, аймақтағы тұрғындармен кездесті.

ШҚО-да Тарханка, Прогресс, Белоусовка, Предгорное және Глубокое ауылдары әлі су астында қалып отыр. Әкім тұрғындармен кездесіп, олардың шағымдарын тыңдай келе, қолдан келгенше көмегін аямайтынын айтты. Сонымен қатар, облыс әкімі: «Арнайы комиссия үйлерді бағалайды. Егер үйлеріңізді қалпына келтіру мүмкін болса, қалпына келтіреміз. Қалпына келтірмесе — жаңа үй немесе пәтер береміз. Шығынның бәрін есептейміз, өтейміз», — деп сендірді Ахметов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *