Назарбаев Кемеровода болған қайғылы оқиғаға байланысты Путинге көңіл айтты

383

ҚР Президенті қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, Владимир Путинге жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы Кемерово қаласының сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, Ресейдегі Кемерово қаласының сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан, соңғы мәліметтерге сәйкес, 53 адам қаза тапты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *