Елімізде «Инвест онлайн» жүйесі іске қосылды

147

Қаржыға қатысты жаңа жүйені еліміздің Ұлттық банкі де қолданысқа енгізе бастады.

Ол «Инвест онлайн» деп аталады. Тың инвестициялық жоба халыққа өз қаражатын бағалы қағаздар нарығына тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Жүйе жұмысын Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің өзі таныстырды. «Инвест онлайнға» еліміздің кез келген азаматы тіркеле алады. Ол электрондық цифрлық қолтаңба арқылы іске асады. Ең бастысы, бұл жүйені пайдаланушы мобильдік қосымшаны ұялы телефонына жүктеуі қажет. Клиентке дербес шот пен электрондық әмиян ашылады. Ол үшін ақы алынбайды. Жоба аясында банк тарапынан 1 жылға арналған ноталар айналымға енгізілген. Соларды сату немесе сатып алу арқылы пайдаланушының кепілдендірілген сыйақы алуына мүмкіндігі мол. «Инвест онлайн» жүйесін іске қосудағы басты мақсат – халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, бағалы қағаздармен жұмыс істеуге үйрету», – дейді Ұлттық банк басшылары.

Ерлан Тасқынбекұлы, ҚР Ұлттық банкі төлем жүйелер департаментінің директоры:

— Бұл жерде бағалы қағаздар бойынша есептелетін сыйақы күнделікті тәртіппен жүреді. Яғни сіздің сол жерде ашылатын электрондық әмияныңызға есептелген сыйақы мөлшері салынып отырады. Сіз салынған сыйақы мөлшерін жоғалтпастан кез келген уақытта сол бағалы қағаздарды қайтадан сатуға, сатып алуға онлайн тәртібінде қашықтан, жеңіл әрі ыңғайлы түрде жасауға болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *