Жылдам оқу туралы қызықты деректер

1344

Ақпараттық технологиялардың қарқынды  дамуына орай,  адамдардың оқуға деген қызығушылығы төмендеген деп айтуға толық негіз бар және оған таң қалудың қажеті жоқ. Өйткені теледидар, ғаламтор, түрлі гаджеттер кітапты алмастырып, оқырмандардың  оқуға деген ынтасын  едәуір бәсеңдеткені анық. Бұл қаншалықты маңызды ?..  Оқу адамның ой-өрісін дамытып, есте сақтау қабілетін шынықтырады. Қазіргі уақытта оқырман  залдары мен кітапханалар жұмысын тоқтатпағанымен, кітап сататын дүкендер саны  біртіндеп азаюда. Себебі қазір кез-келген туындыны электронды нұсқада оқуға болады. «Жылдам оқу»  әдісі  туралы білесіздер ме? Оның ерекшелігі сол, көз жүгіртіп оқу көз жанары мен ақыл-ойдың дамуына пайдалы.

  1. Адамдардың көпшілігі орташа жылдамдықта минутына 200-250 сөз оқиды. Бұл кітаптың екі бетін  құрайтын үлгіге  пара-пар.
  2. Адамдардың 2,5 пайызы өте баяу оқиды. Олар минутына небәрі 180-220 сөз оқи алады.
  3. Мәтінді түсіну дәрежесі жылдам оқу кезінде әлдеқайда жоғары. Көз жүгіртіп оқу кезінде адам мәттіннің 80пайызын түсінсе, кәдімгі, яғни баяу оқу кезінде 60 пайызын ұғына алады.
  4. «Жылдам оқу» әдісін қолданған кезде көз жанары аз шаршайды.
  5. Орташа жылдамдықпен оқитын адамдар бір  жолды оқыған кезде 14-16 рет көз тоқтатады екен. Ал жылдам оқи алатындар 2-4 рет қарайды.
  6. Әдеттегі жылдамдықпен мәтін оқитындар бір мезетте 10 таңбаға көз қырын салса, жылдам оқи алатын жандарда бұл көрсеткіш 33-83 таңбаны көрсетеді.
  7. Мәтін оқыған кезде көз жанарлары әр әріптің бөлек кескінін таратса, әріптердің бір бейнеге тоғысуын ми қызметі атқарады.
  8. Наполеон Бонапарт минутына 2 мың сөз оқыған деген деректер бар.
  9. Жазушы Оноре Де Бальзак екі жүз беттен тұратын романды жарты сағатта оқыған.
  10.  М.Горький бір минутта төрт мың сөз оқитын болған.
  11. Өнертапқыш Т. Эдисон бір мезетте кітаптың бірнеше жолын оқыған.  Бұған қоса, ол бір-ақ рет оқылған мәтінді сөзбе-сөз қайталап беретін болған.
  12. XVII ғасырда кітаптарды жылдам оқуға көмектесетін құрылғы жасап шығарылды.  Өнертапқыш Н. Г. Де Сервьера су диірменіне ұқсас құрылғы ойлап тапты. Кітаптарға арналған тіреуіштер  диірмен қалақшаларының қызметін атқарса керек.
  13. Жылдам оқу техникасы туралы алғашқы мақалалар 1894 жылы жариялана бастады. Ал «Жылдам оқу» курстарын 1925 жылы АҚШ-тың Сиракуз университеті құрды.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

billionnews.ru




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *