«Қазақстан аруы 2018» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды

311

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан аруы 2018» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды. Сонымен, «Қазақстан аруы» атағына Атыраудан келген 16 жасар Атырау гуманитарлық колледжінің студенті Альфия Ерсайын ие болды. «Қазақстан аруы» байқауында бақ сынау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 30 бойжеткен жиналды.  Жеңімпазды халық тікелей эфир арқылы өткізілетін онлайн және СМС дауыс беру арқылы таңдады. Бірінші вице-мисс атағын  Е. Дворецкая алса, екінші вице-мисс болып М. Күлкешева танылды. Үшінші вице-мисс атағына Д. Баймұратова ие болды.  22 наурыздан бастап «Қазақстан аруы — 2018» ресми сайтында байқау финалистеріне дауыс беру басталған еді. «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы «Әлем аруы 2018» байқауында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *