Сәуір болмай, тәуір болмас

1138

Халқымызда «Сәуір болмай, тәуір болмас» деген  сөз бар. Сәуір айының ертедегі  атауы – көкек. «Көкек» деп аталу себебі көктемнің бір белгісі көкек құсының алғаш шақыра бастай­тын мезгілімен байланысты. Айдың өзгешелігі – құс үнінің ерекше байқалуында. Көктемгі табиғаттың әсемдігін уәж еткен тувалықтар мен шорлар бұл айды «көрік айы» атап кеткен. Көкек – ұшқалақ, жеңілтек құс, өз атын өзі шақырады, сондықтан осы сөз жағымсыз мәнде айтылады деп, айдың атауын сәуірмен ауыстырған екен. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев

Сабылып келді міне, сәуір айы,
Сәуір айы — қазақтың тәуір айы.
Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт,
Бара жатыр не болып ауа райы?!
Ақ нөсер, өткіншісі — бәрі дайын,
Сабылтыға келген мына сәуір айын,
Құтты көріп, диқандар құптағанмен,
Малшылар салып отыр сарыуайым.
Жылап тұр, жылаңқы бұлт сабылып тұр,
Сағынып тұр күн нұрын, жабығып қыр.
Бірде жауын, біресе қарға айналып,
Сәуір айы малшыға қағынып тұр.
Шопан жүр малыменен, көптен бөлек,
Төпеп тұр,келер емес көктен көмек.
Сәуір айын сықпыртып, сыбайды кеп,
— Құрғырдың түбі түсіп кеткен бе?! –деп.
Ойында — әрі ашу, әрі  уайым,
Әйтеуір оңдырған жоқ сәуір айын.
Сәуір айы — малшыға сарыуайым,
Малмен бірге бағады ауа райын…

деп жырлағандай, көктемнің екінші айын халық қараөзек шақ деп атайды. Өйткені сәуірде күн жылына бастайды,   су тасиды, мал төлдейді, құстар жылы жақтан ұшып келеді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *