Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласын жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

217

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласында 2018 жылға арналған мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов 2018 жылға арнап әзірленген денсаулық сақтау саласын жаңғырту бастамаларының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынды. Ол 2019 жылы мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу, денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру, бәсекелестiктi және жеке медицинаны, дәрi-дәрмек нарығын дамыту, сондай-ақ медициналық туризм және импортты алмастыру салаларын жетілдіру жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *