Әлия Рақышева Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

159

Әлия Рақышева Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын», — делінген Ақорданың хабарламасында.

Ол осыған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған.

Әлия Рақышева 1980 жылы 1 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын аяқтаған. Әділет министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясында жұмыс істеген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *