«АТУ ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2018»

734

Алматы технологиялық университетінде тұңғыш рет «АТУ ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2018» байқауы өтті. «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған іс-шараға университеттің 4 факультеті мен Технология-экономикалық колледжінің студенттері арасынан 11 жігіт сайысқа түсті.
Байқаудың мақсаты — ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару, ата-салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттері мен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру мен дамыту көзделген.
Кастингтен 100-ден астам үміткерден өтініш келгенімен, ақтық кезеңге 11 жігіт іріктеуден сүрінбей өтіп, топ жарған еді. Олар байқаудың — таныстыру және видеоролик, сұрақ-жауап, қолдан келсе, дәлелде (автомат шашу) және өнер сайысы сияқты 4 кезеңде бақтарын сынады.
Ал, олардың өнеріне баға берген әділ-қазылар алқасының мүшелері: АТУ түлегі — Таңат Кемелхан, шоу-бизнестің креативті директоры – Абай Малахов, «Русское радио» жүргізушісі – Аяна Ғабдуллина, қазақ эстрадасының әншісі – Зивара, «Жас Отан» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы Дулат Қасымов және ЭжБ факультетінің төрағасы Тимур Талипов болды.
Байқау өте тартысты әрі қызықты өтті. Жігітке 7 өнер де аз демекші, қатысушылар өз өнерлерін жиналған қауымға паш етті. Әрқайсы бірінен-бірі асып түспесе кем түспейтіндіктерін дәлелдеп шыққанымен бас жүлде біреу ғана. Алайда білек сыбана қатысқан жігіттердің ешқайсы құр алақан қалмады. Барлығына көрсеткен өнерлері үшін түрлі номиноциялар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ер-жігіттер мына номинациялар бойынша марапатталды:
1 Инстаграм жұлдызы — Мырзатай Еркебұлан (ЭжБФ)
2 Білекті сұлтан — Исабеков Олжас (ТЭК)
3 Жайдары сұлтан — Алиасқаров Төре (ТЭК)
4 Жалынды сұлтан — Досанов Ерлан (ЖӨжДФ)
5 Жігерлі сұлтан — Қуатов Мағжан (ТӨФ)
6 Сымбатты сұлтан — Аманғалиев Ерлан (ЭжБФ)
7 Өнерпаз сұлтан — Сатышов Жігер (ИжАТФ)
8 Дарынды сұлтан — Төлеутай Асылбек (ЭжБФ)
9 Байсалды сұлтан — Жарылқасын Дәулет (ИжАТФ)
10 Тапқыр сұлтан — Өтепберген Ғалымжан (ЭжБФ)
11 «Жас Отан сұлтаны» — Дундар Семих (ИжАТФ)
Жүлделі «ІІ дәрежелі «АТУ ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2018» атағы инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің 3 курс студенті Жарылқасын Дәулетке бұйырса, «І дәрежелі «АТУ ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2018″атағына экономика және бизнес факультетінің 1 курс студенті Өтепберген Ғалымжан ие болды. Ал «АТУ ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2018» атағын тағам өндірістері факультетінің 4 курс студенті Қуатов Мағжан қанжығасына байлады.
Іс-шараға демеушілік жасап, қатысушыларға қолдау көрсеткені үшін ұйымдастырушылар «Burger King», «Жайлау» этнокафесі, «Best room optic», «Patriot», «Стрекоза», «Diva Boni», «Brooklyn», «Kettik Qazaqstan», «Dinara cosmetic» «Ата салт» сияқты ірі брендтер мен компанияларға алғыс айтады.

АТУ Медиа орталығы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *