«Тұрақты даму мақсатында (ТДМ) Халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

372

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық әл-Фараби оқуларының шеңберінде «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МTIJ) атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция білім берудің жоғары стандарттарына қол жеткізу және әртүрлі елдердің ғылыми қоғамдастығының және тұрақты даму мақсатында халықаралық ұйымдарының диалогты және өзара әрекеттесуді ұйымдастыру үшін сапалы ғылыми алаң болуға арналған.

Конференциядағы ғылыми пікірталас келесі бағыттарды қамтиды:

  • Өзгерістер аясындағы журналистік білім беру
  • Мамандыққа оқытудың жаңа алгоритмдері;
  • Онлайн-білім беру үдерістерінің технологиялық бағыты.
  • 2018 жылдың медиа-трендтері
  • Әлемдік қауіп-қатерлер жүйесіндегі журналистика;
  • Тұрақты даму кластеріндегі медиасфера;
  • Медианы роботизациялау: формалар мен перспективалар;
  • Постшындық кезеңі және контентті тексеру;
  • Crowdlearning: аудиторияны зерттеудің жаңа деңгейі;
  • Кибер соғыстар және жеке қауіпсіздік тәуекелдер;
  • Тікелей ықпал ету журналистикасы.

 

  • ІІІ конференция (МTIJ): кеңес беру және диалог форматтары

Жаһандық журналистика: серіктестіктің жаңа моделінің перспективалары;

Негізгі спикерлер: Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің басшысы Сергей Карпов;  БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің директоры Властимил Самек; Albany Associates халықаралық аймақтық жобасының жоба директоры Марек Бекерман; Огайо университетіндегі Халықаралық журналистика институтының директоры, профессор Юсуф Калианго;  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бірінші проректорының кеңесшісі Ғалия Ибраева; Қазақстан журналистика Академиясының президенті Қозыбаев С.Қ;  «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженова; «Internews» Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Марат Бигалиев; «Internews»-тің жаңа медиа-кеңесшісі Анна Сукачева; Интерньюс-Қазакстан заңгері Ольга Диденко; «MediaNet» Халықаралық журналистика Орталығының директоры Әділ Жалилов; ЕҚЫҰ саяси мәселелер және БАҚ Офис бағдарламасының Астанадағы ұлттық үйлестірушісі Мария Дубовицкая; MDP бағдарламасының директоры, Колумбия университетінің адьюнк-профессоры Рафис Абазов, АтҰУ журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашева; «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы; ф.ғ.к., «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті Есенгүл Кәпқызы; «Жас  өркен» ЖШС директорының орынбасары Жұлдыз Әбілдә; АҚ «KaspiBank» баспасөз-хатшысы Ербол Азанбек; Фактчек.kz редакторы Думан Смақов т.б.

Конференция жұмысына сондай-ақ, БАҚ жетекшілері, бас редакторлар, журналистер, шет елдердің елшіліктері мен консулдық өкілдері, АҚШ, Ресейден келген ғалымдар мен зерттеушілер, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Ресми серіктестер

Алматы қ. ЮНЕСКО кластерлік бюросы; БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаменті; БҰҰ (UNAI) Академиялық ықпал бағдарламасының жаһандық хабы; «MediaNet» халықаралық Журналистика орталығы; Қазақстан журналистер Академиясы;  «Қазақ газеттері» ЖШС; «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры; «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ; «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы

Байланыс ақпараты :

Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы — 8(727)3773443, 3773340. Ішкі: 1344.

Дудинова Елена Ивановна – 87771738947




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *