Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

525

Тек батыста және оңтүстіктің кей жерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, көбіне жаңбыр жауады, тек батыста және оңтүстіктің кей жерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды  BNews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін, күндіз кей жерлерде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *