Қазақстанда 15 мың шақырым жол ақылы болуы мүмкін

251

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 15 мың шақырым жолды ақылы жүйеге енгізуді ұсынды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Үкімет отырысында Жеңіс Қасымбек еліміздегі «Жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолдарында (учаскелерінде) ақы төлеу жүйесін енгізу және пайдалану» Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы туралы сөз қозғады.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша біз республикалық  маңызы бар автомобиль жолдарын ақылы ету мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл ұсынысты жеке серіктес бастады. Ол  3 жыл ішінде 15 мың шақырым жолға ақылы жүйені енгізу керектігін ұсынып отыр. Бұл жүйе 10 жыл пайдаланылады», — деді ол.

Министрдің айтуынша, 2 сәуірде жобаны бастау туралы хабарлама интернет ресурстарда және баспасөзде жарияланған.

«Хабарлама шыққаннан кейін 60 күн ішінде әлеуетті жеткізушілер қызығушылық білдіріп, баламалы ұсыныстар берсе, жеке әріптесті таңдау конкурс арқылы жүзеге асырылады», — деді ол.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *