Дубайда Annual Investment Meeting-те Қазақстан павильоны таныстырылды

22

Дубайдың Дүниежүзілік сауда орталығында сәуірдің 9 мен 11 аралығында Annual Investment Meeting халықаралық конференциясы өтуде. «Kazakh Invest» ҰК еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін және іскерлік кездесулерді өткізу мүмкіндігін көрсетіп, қазақстандық павильонмен таныстырды.

Annual Investment Meeting (AIM) — әлемде халықаралық инвестициялық қауымдастықтың диалогтық алаңы ретінде танымал ірі жыл сайынғы инвестициялық конференция. Инвестициялық конференцияның бағдарламасы цифрландыру саласы, индустрия 4.0, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және инвестицияларды тарту бойынша әлем стратегияларының тақырыптары бойынша бірқатар пленарлық сессияларды қамтиды.

«Қазақстан мен БАӘ-нің қатынастарының тарихы үлкен. Біз осы биылғы іс-шарада қазақстандық делегацияны қарсы алуға қуаныштымыз. АІМ көрмесінің басшылығы Қазақстан делегациясына кездесуді сәтті өткізу үшін қолдау көрсетуге дайын. Бұл Қазақстанға трансұлттық компанияларды тартуға арналған үлкен платформа. Біз сіздердің осы іс-шарадан барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізгендеріңізді қалаймыз», — деді Annual Investment Meeting президенті Дауд Әл Шезави.

Қазақстандық делегация құрамында 15-тен аса ірі отандық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері бар.

Бұдан өзге, форум алаңдарында 141 шет елдерінің қатысуымен елдік павильондардың көрмесі өтіп жатыр.

Қазақстанның атынан елімізге инвестициялар тарту тұрғысынан халықаралық бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізу мүмкіндігімен Kazakh Invest ұлттық көрме павильоны ұсынылды.

«Біз Дубайдағы Дүниежүзілік сауда орталығында Қазақстан павильонына бардық, өйткені естуіміз бойынша Қазақстанда бизнес пен нарық өте жақсы дамыған және біз Сіздердің елде бизнесіміздің болғанын қалаймыз. Қазіргі уақытта біз бүкіл әлем бойынша бизнес серіктестерді іздеудеміз, әсіресе Таяу Шығыста, Италияда, Қазақстанда, Ресейде. Біздің компания Дубайда дамып жатыр және бізге жаңа серіктестермен бизнесті ашу керек», — деді Қазақстан павильонына келуші, AT WORLD Holding компаниясының өкілі Махмуд Шалаш.

«Қазақстан Республикасы мен үшін әрқашан қызығушылық тудыратын. Қазақстанда украиндық бизнес өте көп, көптеген украиндықтар жұмыс істеп жатыр, яғни қарым-қатынас жақсы дамыған, сондықтан мен павильонға Қазақстандағы Doing Business процестері туралы көбірек білу үшін келдім, және мүмкін біз  ортақ түйісу нүктелерін табамыз», — деді «Task Force» компаниясының басшысы Станислав Горбачевский.

Қазақстандық павильон жұмысы бүгін де жалғасын таппақ. Бұдан өзге, бүгін АІМ сессиясының аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің презентациясы, сонымен қатар Kazakh Invest басшылығының ең ірі араб компанияларының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулерін өткізу жоспарланған.

Primeminister.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *