Лас-Вегаста Головкиннің жекпе-жегі өтпейтін болды

289

Невада штатындағы Атлетикалық комиссия (NSAC) Лас-Вегастағы MGM Grand аренада 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

 Егер боксшы 5 мамыр күні рингке шығатын болса, жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының сыртында орналасқан Карсоне қалашығында, StubHub Center шаршы алаңында өтеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін BoxRec.com сайты GGG келесі жекпе-жегі өтетін орын ретінде Карсонды белгілеген еді. Әзірге Головкиннің нақты қарсыласы анықталған жоқ. Болуы мүмкін кандидаттар арасында ирландиялық Гэри О Саливан мен украиналық Сергей Деревянченко бар. АҚШ боксшысы Ванес Мартиросянның кандидатурасы бұл тізімнен алынып тасталды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *