Синоптиктер 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

240

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады. Тек батыста пен оңтүстік өңірлерлердің кей жерінде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, деп хабарлайды BNews.kz«Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болып, оңтүстік шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде көктайғақ болып, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғып, шаңды дауыл болады. Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Еске сала кетейік, 10 сәуірде де Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауатынын, тек батыста және оңтүстіктің кей жерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін хабарлаған болатынбыз.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *