Көктемдегі дәрумен жетіспеушілігі

24

Бүгінде дәрігерлер адамдарға «авитаминоз»  диагнозын сирек қояды. Өйткені қазір синтетикалық дәрумендер көп. Ал олардың кейбір түрлері ағзада тамақ немесе синтетикалық баламалары  арқылы  жинақталады.

Дәрумендер ағзаның қалыпты қызметін қамтамасыз ететін  биологиялық белсенді төменгі молекулалы қосындылар. «Дәрумен» сөзі латынның «vita» – өмір сөзінен шыққан. Дәрумендердің атқаратын рөлі ағза үшін таптырмас әрі маңызды. Олардың физиологиялық үдерісті жақсартып, жылдамдататын, немесе баяулататын, ағзаны сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайтын және түрлі ауруларға қарсы тұратын қабілетін арттырып,  тез жазылуға мүмкіндік беретін  қасиеті бар.

Бүгінгі таңда дәрумендердің 13 негізгі түрі белгілі. Олардың барлығы дерлік ағза үшін аса маңызды. Ал жеткіліксіздігі ағзадағы маңызды мүшелердің қызметін зақымдайды. Сондай-ақ адамның өмір сүруі үшін қажет дәрумендер де бар. D дәрумені ағзадағы зат алмасу процестерінің барлығына қатысып, ағзада тек күн сәулесінің әсерінен пайда болады. Сонымен бірге С, А және Е дәрумендерінің маңыздылығы одан   кем емес.

Қыстың аяғы мен көктем мезгілінің басында дәрумендердің тағамдардағы мөлшері едәуір азаяды. Қыстағы күн сәулесінің жеткіліксіздігі, күннің қысқа болуы, суықта жиі  болатын вирусты-жұқпалар ағзаның дәрумен түзуі мен қорытуын  азайтып, «гиповитаминоз», яғни дәрумен жеткіліксіздігіне әкеледі. Жалпы алғанда, дәрумен жеткіліксіздігіне адамдардың едәуір бөлігі шалдыққан. Оның басты себебі, дұрыс тамақтанбауда, немесе тамақтың құнарсыз болуында.
Дәрумен жеткіліксіздігі хал-жағдайдың нашарлауын, созылмалы аурулардың асқынуын және түрлі сырқаттардың пайда болуын тудырады.

Мысалы адамға аса қажетті болып саналатын дәрумендердің кейбірін қарастырып көрейік.

Аса танымал  және жиі кездесетін С дәрумені мен оның жасанды аналогы – аскорбин қышқылы тұмауға қарсы тұратын дәрумендердің «көшін бастап тұр». Бір кездері дәруменді ағзаның өзі қалыптастыратын. Алайда адамдардың тамақтану әдісі мен тәртібін өзгертуі дәруменнің түзілуіне «жауапты» гормондардың әсерін тоқтатып, адам ағзасына С дәрумені тек тамақпен ғана келіп түсетін болды. Бір қызығы, еттен мүлдем бас тартқан вегетариандықтарда С дәрумені жеткілікті мөлшерде түзіледі және осыған байланысты олардың иммунитеті жоғары болады екен.

Д дәрумені ағзада күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Оның «күн дәрумені» аталуы да осыған байланысты. Қыс мезгілінде ағзадағы D дәруменінің мөлшері қатты азайып, салдарынан ағзада бірқатар ауытқулар пайда болады:

  • Сүйектердің қатаюына жауапты кальций мен фосфордың сіңірілуі бәсеңдеп, бұлшық еттер босаңсиды.
  • Сүйектер сынғыш бола бастайды, жарақаттар саны артады.
  • Қанның ұйығыштығы төмендейді.
  • Зат алмасудың гормоналды реттелуі шатасады.

D дәрумені теңіз балығында, сары майда, ірімшікте, сүтте бар.

Ағзадағы С дәруменінің рөлі:

  • Адамның қорғаныс қабілетін, яғни иммундық жүйені күшейтеді.
  • Қан тамырларын, оның ішінде бас миының тамырларын қорғайды.
  • Уытты заттар мен канцерогендерді залалсыздандырады.
  • Ағзаның қартаю белгілерімен күреседі.
  • Кальцийдің сіңірілуін жақсартады.

С дәруменінің жеткіліксіз болуы қызыл иектің жиі қанауына әкеледі.

Аскорбин қышқылы ағзаның қартаю белгілерімен күресуіне ықпал етеді.

С дәрумені  тәтті бұрышта, итмұрында, қарақатта, апельсинде, ашытқан қырыққабатта бар.

А және Е дәрумендері ағзада келесі қызметтерді атқаратын антиоксиданттар:

  • Қартаю үдерістерін тежейді.
  • Ағзаның қорғаныс қабілеттерін арттырады.
  • Қанның қызыл түйіршектерінің қызметін реттейді.
  • Тері, шаш, тырнақ күйін жақсартады.

С дәруменінің жеткіліксіздігі көру қабілетін нашарлатып, «ақшам соқырлық» пайда болады, шаштың түсуі, терінің түлеуі жиілейді.

  • С мен Е дәрумендерімен біріге отырып, А дәрумені жасушаларды «коррозиядан», яғни белсенді оттегінің «жоятын» ықпалынан қорғайды. Сондықтан оларды «биоантиоксиданттар» деп атайды.

С дәрумені саумалдықта, сәбізде, шабдалыда, қауында, өрікте, жаңғақтардың құрамында  болады.

В дәрумендерінің тобы жүйке жүйесінің қызметін реттейді.

В1 дәруменінің жеткіліксіздігінде есте сақтау қабілеті нашарлап, ұмытшақтық пайда болады. Ағза әлсіреп, ондағы мүшелер қызметі бұзылады. Бұл дәруменнің мөлшері  тауық етінде, бауырда, нанда, картопта мол.

В2 дәруменінің аздығы ауыз қуысында жаралардың пайда болуына әкеледі.

Бұл дәрумен сыра ашытқысында, скумбрияда, сүтте, нанда бар.

В3 (никотин қышқылы) жүйке жүйесінің қызметін реттейді. Етте, жержаңғақта, жармаларда кездеседі.

В9 дәрумені (фолий қышқылы) – эритроциттердің түзілуі мен ДНҚ-ның құрылымына қатысады.

Оның жеткіліксіздігі тез шаршағыштықты, асқазанның бұзылуын тудырады.

Сиыр бауырында, брюссель қырыққабатында, бананда, күріште, дәнді дақылдарда мол.

К дәруменінің жеткіліксіздігінен мұрын жиі қанайды.

Ол қырыққабатта, руколада, тауық еті мен сиыр етінде бар.

Дәрумендердің  жеткіліксіздігіне  келесі факторлар ықпал етеді:

  • Әсері күшті дәрілер мен ауыруды басатын дәрі-дәрмектерді қабылдау дәрумендерді 2 есеге азайтады
  • Темекі шегу.
  • Гормоналды дәрі-дәрмектерді шамадан көп мөлшерде ішу.
  • Күйзелістер.

Дәруменді синтезделген дәрі-дәрмектердің пайдасы бар ма?

Әлемде жыл сайын жасанды дәрумендердің 50000 тоннасы шығарылады. Фармакологияның дамуы мен жарнаманың кеңінен таралуы адамдардың дәрумендерді себепсіз қабылдауына әкеліп, салдарынан дәрумендердің денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны көбірек тиюде. Өйткені дәрумендерді бақылаусыз ішу  «гипервитаминозға», яғни дәрумендердің артық жиналуына  душар етеді. Мысалы  ағзадағы А дәруменінің мөлшері тым артқан кезде асқазан обыры пайда болады, ал Е дәруменінің (альфа-токоферол) артылуы жүрек қызметінің нашарлауына әкеледі. Бүгінде синтетикалық дәрумендердің пайдасыздығы туралы да әлем ғаламдары жиі айтуда. Сондықтан дәріханалардан сатып алынған жасанды дәрумендерден гөрі табиғат «сыйлаған» нағыз пайдалы дәрумендерді қабылдаған абзал. Ал дені сау, төрт мүшесі түгел адамдарға дәрумендерді мүлдем қабылдамауға да болады. Әр нәрсе өз мөлшерімен болғандығы жөн.

takprosto.cc

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *